Алматы облысында көлік жылқыларды қағып, денелерін бөлшектеп тастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.10.2017 09:54 Zakon.kz
Ауыр соққының салдарынан жануарлардың денесі бөлшектенген.
Алматы облысында қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жылқыларды соғып өтіп, жануарлардың денесін бөлшектеп тастады. Бұл туралы stan.kz, patrul.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Жол апаты Ұйғыр ауданының маңындағы Ақсай-Шонжы-Көлжат авто жолында болған. Audi A6 көлігі шығыс бағытта келе жатқан екен. Жүргізуші жол бойында тұрған жылқыларды байқамай қалған.

Ауыр соққының салдарынан жануарлардың денесі бөлшектенген. Ал көліктің алдыңғы бөлігі қатты майысқан. Тек жылқылар емес, жүргізуші мен оның екі жолаушысы да зардап шеккен. Олар шұғыл Шонжы ауылының ауруханасына жеткізілді.

Фото, видео: patrul.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: