Қостанай облысында белгісіз әйелдің денесі табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 12:03 Zakon.kz
Тергеу барысы облыстық прокуратура назарында.
Оқиға Қостанай облысы Қамысты ауданында 22 қазан күні болған. Бұл жағдайды Қостанай облыстық прокуратурасында растап отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

22 қазан күні сағат 12:00-де Арқа ауылында қаңырап қалған үйден белгісіз әйелдің денесі табылғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

«Әйел механикалық асфиксия, мойынды қысу, ми мен өкпенің ісінуінен көз жұмған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 қазан күні сол ауылдың 33 жастағы тұрғыны ұсталды», - дейді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов.

Ер адам тұтқындалған. Тергеу барысы облыстық прокуратура назарында.

Фото: www.segodnya.ua
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: