"БЖЗҚ" ісіне қатысты сот отырысында 5 млрд теңгенің қайда кеткені белгілі болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 15:48 Zakon.kz
"БЖЗҚ мен "Бузгул Аурум" ЖШС арасындағы келісім азаматтық-құқықтық болған және оның жарамсыз екені туралы сот шешімі шықпаған".
"БЖЗҚ" ісіне қатысты сот отырысының алғашқы тыңдалымы кезінде айыпталушы Б.Кенжебаевтің қорғаушысы Нелли Андронова қордың "Бузгул Аурум" ЖШС облигацияларын алуға жұмсалған 5 млрд теңгенің жағдайы не болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаушы Андронованың айтуынша, облигацияларды сатып алуға аударған "БЖЗҚ" қаржысы толықтай "Бузгул Аурум" ЖШС-нің AsiaCreditBank-тегі есептік шотына түскен.

"Кенжебаев кепілзатты депозит негізінде тұтынушылар несиесін алған. Ол қаржы өндірістік қажеттіліктерге жұмсалған. Кенжебаевқа Германияда ота жасалған кезде, мерзімін өткізіп алғаны болмаса, несиені уақытылы төлеп отырған. "AsiaCreditBank" АҚ ҰҚК қызметкерлерінің сотқа дейінгі тергеуі басталып кеткенін естіп, банктік қарыз келісімшартының 8.1.6. тармағын бұзып, клиентке ескертпестен, оның келісімінсіз, заңға сәйкес әрекет жасамаған. Сонымен қатар, заң бойынша тиесілі 40 күн күтпестен, 5 млрд теңге тұрған шотқа тыйым салудан құтылу мақсатында Кенжебаев құрылтайшы болып табылатын ЖШС шотынан қаржыны өз еріктерімен аударған", - дейді Кенжебаевтің қорғаушысы.

Оның айтуынша, банк әрекетінің жаңсақтығы экономикалық-сот сараптамасының қорытындысымен расталады.

Егер банк қызметкерлері рұқсатсыз әрекет етпесе, 5 млрд теңге осы күнге дейін ЖШС-ның депозиттік шотында жататын еді", - дейді Адронова.
"

Андронованың айтуынша, кәсіпкерлердің қор биржасы арқылы, облигацияларды орналастыруы бойынша жасалған келісімдері, заңсыз болуы мүмкін емес. ЖШС-тің жылдық кірісі 19 пайызға тең екенің ескеріп, «БЖЗҚ» ЖШС-тен облигацияларды сатып алғаны заңды, әрі тиімді. Мұны экономикалық –сот сараптамасы да мақұлдап отыр.

Содан кейін Андронова, ЖШС облигацияларын сатқаннан түскен қаражатты мақсатты түрде пайдаланып, шарттарды бұзғандығын алға тартты. Сондықтан «БЖЗҚ» мен мемлекетке келтірілген экономикалық шығынның қандай екенін анықтау мүмкін еместігін ескертті. Себебі, алынған қаражаттың орны толмағандығы жайында дәлелдер мен ЖШС-тің жалғыз акционер «БЖЗҚ» алдындағы өз міндеттемелерін орындамауы жайында дәлелдер жоқ.

-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабына сәйкес, қылмыс материалдық болып табылады. Яғни мүлікті иемденіп немесе иемденген кезде, заңды меншік иесі осы мүліктен айырылады, осылайша мүліктік зиян келтіреді. Ал қаралып жатқан істе, БЖЗҚ-ға шығын келтірілмеген. Мұны экономикалық-сот сараптамасы да дәлелдеп отыр, - деп ойын жалғастырды қорғаушы.

Адронова сот отырысында Кенжебаевтің "Алатау Мұнай Алтын" АҚ-мен облигацияларды қайта сатып алу туралы келісім жасағанын айтып өтті.

"20 желтоқсанда үшжақты кездесу өтті, кездесудің нәтижесінде акцияларды қайта сатып алу туралы хаттама жазылған. Егер Кенжебаевті 28 желтоқсан күні қамауға алмағанда, акциялар сатып алынып, 5 млрд теңге "БЖЗҚ" АҚ-на қайтарылатын еді", - деп толықтырады қорғаушы.


Фото: Sputnik/ Табылды Кадырбеков.
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: