Лента новостей
0

Иесi бар ауылдың келбетi де өзгеше

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.10.2017 16:27 Zakon.kz
Округ тұрғындары көкейлерiнде жүрген мәселелерiн де айтып қалды.
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен Есiл ауданына барды. Алдымен өңiр басшысы Покровка ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.

Қазiр округте 33 шаруашылық жұмыс iстейдi. Олардың үлесiнде 12 мың гектар егiстiк алқаптары бар. Iрi шаруашылықтардың бiрi «Атамекен агро Есiл». Бұл серiктестiк келесi жылы майлы дақылдардың алқабын 760 гектарға ұлғайтуды көздеп отыр. Орташа еңбекақы 100 мың теңгенi құрайды. «Бай Еңбек» және «Агро Север» серiктестiктерiндегi жағдай көңiлге қонымды емес. Өңiр басшысы шаруашылық басшыларына өнiмдiлiктi ұлғайтып, еңбекақыны өсiрудiң қажеттiлiгiн атап өттi. Құмар Ақсақалов шаруалар салықты аз төлеу мақсатында өнiмдiлiктi әдейi азайтып қоятындығын баса айтып, мұндай фактiлердiң болмау керектiгiн ескерттi.

Сондай-ақ облыс әкiмi аудан басшылығына мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алуды тапсырды. Ауданда оң өзгерiстер де жоқ емес. Алдағы уақытта консервi цехi мен бөтелкеленген су цехi ашылмақ.

Округ тұрғындары көкейлерiнде жүрген мәселелерiн де айтып қалды. Бүгiнгi таңда ең өзектi мәселе — Покровка селосын ауыз сумен қамтамасыз ету. Қазiр ауданда магистралды су жүйесi жөнделiп жатыр. 2018 жылы су Покровка селосына кiредi деп уәде еттi аудан әкiмi Мұратбек Әбiшев.

Кездесудi қорытындылаған Құмар Ақсақалов жиында айтылған мәселелер жiтi бақылауда болады дедi.

«Бiз осы округке қайта оралып келемiз. Жылына ауданға 3-4 рет келiп тұрамын. Бүгiн айтылған мәселелер бойынша не жасалғанын тексеремiн. Шешiлмеген проблемалар да менiң бақылауымда болады», — дедi облыс әкiмi.

Волошинка селолық округiнде жағдай мүлдем басқаша. Округты дамытуда «Пушкинское» серiктестiгiнiң қосқан үлесi зор. Серiктестiк директоры Николай Козленко ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшыларға және дәрiгерлерге үй берiледi. Құмар Ақсақалов Волошинка округiнiң тұрғындарымен кездесу барысында аталмыш шаруашылықтың жұмысына оң баға бердi. Ауылдың жағдайына қарап, тиiстi жұмыстардың атқарылып жатқанын көруге болады дедi аймақ басшысы.

Құмар Ақсақалов майлы дақылдарды егудi қолға алып, мал шаруашылығын дамытуды мақсат етiп қою керек деп атап өттi. Бақша өсурiшiлiкке де көп көңiл бөлiнедi.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: