Павлодар – Қызылорда тас жолындағы апаттан екі адам қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2016 20:55 Zakon.kz
Қажетті сараптамалар тағайындалуда. «Ман» автокөлігінің жүргізушісі дін аман.

Кеше Павлодар – Қызылорда тас жолында «Ман» жүк автокөлігі мен «Мерседес» автокөлігі соқтығысқан, деп хабарлайды рavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті.

- «Мерседес» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды. Жеңіл автокөліктегі тағы бір 61 жастағы азамат пен екіі жарым жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, рөлді басқара алмай қалған «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы бағыттағы көлікке соғылған. Аталмыш жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалуда. «Ман» автокөлігінің жүргізушісі дін аман, - деді Б. Жұманов.

Абзал Қабдраш

Фото: рavlodarnews.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: