Атырау облысында 39 түлек «Алтын белгiсін» қорғады

Zakon.kz
Жалпы, облыс бойынша биылғы түлектердің арасынан «Алтын белгiге» үміткер 77 оқушының 39-ы, ал «Үздік аттестатты» қорғауға талпынған 18 түлектің 14-і өз білімдерін дәлелдеді.

Атырауда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» деп аталған облыстық оқушылар форумы өтті. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға облыс бойынша 200-ден астам дарынды бала қатысты. Олар – халықаралық білім сайыстары мен республикалық пәнаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, мектеп оқушылары арасындағы үздік ғылыми жобалардың жүлдегерлері, деп жазады 24.kz арнасы.

Дарынды балалар жаңа технологияларға негізделген ғылыми жобаларын бүгін арнайы көрмеге де қойды. Сонымен қатар күні кеше ғана Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, «Алтын белгісі» мен «Үздік аттестатын» қорғап шыққан түлектер де осы форум кезінде көпшілік алдында марапатталды. Жалпы, облыс бойынша биылғы түлектердің арасынан «Алтын белгiге» үміткер 77 оқушының 39-ы, ал «Үздік аттестатты» қорғауға талпынған 18 түлектің 14-і өз білімдерін дәлелдеді. Қазір сол үздіктердің алды еліміздегі таңдаулы университеттердің студенті атанып үлгерді.

Нұрхан Оңдасынов, «Алтын белгі» иегері:

- Мен ҰБТ-да 110 балл жинап, өзімнің «Алтын белгімді» қорғап отырмын және де білімімді осындай деңгейге жеткізген барлық мұғалімдеріме өзімнің алғысымды білдірігім келеді. Мен осы таңда Назарбаев Университетінің Физика факультетіне оқуға түсіп, инженер-механик мамандығын таңдап, болашақта өз мемлекетіме еңбек етіп, қызмет еткім келіп отыр.

Фото: www.almaty.tv

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц