Өскемен тұрғыны қатты сөйлегені үшін танысына оқ атқан

Zakon.kz
Сотта 26 жастағы ер адам тыйым салынған қаруды көшеден тауып алғанын, оқиғаға дейін тапаншаны полицияға тапсырғысы келгенін айтты.
Облыс орталығында жас жігіт қатты сөйлегені үшін травматикалық тапаншадан жаңа танысының бетіне оқ атқан, деп хабарлады ҚазАқпарат YK-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға жалдамалы пәтерде болған, онда бір топ достар арақ-шарап ішкен. Жігіттердің көпшілігі ұйқыға кеткенде пәтерге жаңа қонақ келген. Жас жігіттің айтуынша, қонақ қатты шулаған. Туындаған жанжалды шешу үшін екеуі көшеге шығып кеткен. Ішімдікке мас жігіт травматикалық тапаншадан қонақтың бетіне оқ атқан. Зардап шегуші ауыр жарақат алып, бір көзінен айырылды.

Сотта 26 жастағы ер адам тыйым салынған қаруды көшеден тауып алғанын, оқиғаға дейін тапаншаны полицияға тапсырғысы келгенін айтты.

Жас жігіт бұрын да ауыр қылмыс үшін сотталған. Өскемен қаласының №2 соты оны қатаң режимдегі колонияда үш жыл жазасын өтеу туралы үкім шығарды.

Фото: tass.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

Благодаря детям отец нашел алмаз стоимостью 8,5 млн тенге

Отменить блокировку счетов банковских должников требует депутат