Синоптиктер: алдағы үш тәулікте боран соғып, көктайғақ болады

Zakon.kz
Жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын соғады, күшті батыс желі соғып, көктайғақ болады, деп «Қазгидромет» РМК 6-8 желтоқсанға ауа райы болжамын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұндай метеорологиялық құбылыстар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірге қарай жылжыған циклондармен байланысты болады.

«Әсіресе, 200-500 метрге дейін көруді нашарлататын бұрқасын боран мен көктайғақ қауіпті. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына тағы да оңтүстік циклоны ықпал етеді. Яғни, жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-6ºС жоғары болады», - делінген хабарламада.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

Благодаря детям отец нашел алмаз стоимостью 8,5 млн тенге

Отменить блокировку счетов банковских должников требует депутат