Былтыр Қазақстанда 12 лаңкестік әрекетке тосқауыл қойылды

Zakon.kz
182 азамат терроризм бабымен сотталып, тағы үшеуі шетелдік террористік ұйымдарды қаржыландырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды.
Құқық қорғау органдары былтыр Қазақстанда 12 лаңкестік әрекеттің алдын алды. Жанкештілердің теріс пиғылына олардың дайындық барысында тосқауыл қойылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Есесіне, 182 азамат терроризм бабымен сотталып, тағы үшеуі шетелдік террористік ұйымдарды қаржыландырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Бүгін бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары Сергей Швейкин Бас прокуратурада өткен дөңгелек үстел үстінде мәлімдеді.

Келелі кеңесте жаһандық қауіпке қарсы күрес жөнінде халықаралық конвенция қабылдау ұсынылды. Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, соңғы екі жылда әлемде болған терактілерден 3 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Қозы-Көрпеш Кәрбозов, ҚР Бас прокуроның аға кеңесшісі:

- Конференцияның негізгі бағыты – мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес органдар, ғылыми топтар және басқа да азаматтық қоғамның пікірлерін бір жерден түйістіру. Экстремистік бағытта қандай жұмыстарды қолға алуымыз керек? Әрине, қазір елде осы бағытта жұмыс істелініп жатқан жұмыс көп. Құқық қорғау органдары мен азаматтық ұйымдармен бірлесіп, осыған атсалысу керек.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила