ОҚО-да ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті бір айдан кейін ұсталды

Zakon.kz
Бір айдан кейін ұсталған 26 жастағы сезікті жасаған қылмысын толығымен мойындаған.
Оңтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті ақыры ұсталды. Ол қылмыс жасалған ауылдың тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір айдан кейін ұсталған 26 жастағы сезікті жасаған қылмысын толығымен мойындаған. Үйінен қылмыс құралы ретінде балтасы да табылған. Алайда ол ауылдастарын не себепті өлтіргенін ашып айтпай отыр. Оның барысы тергеу барысында анықталады,- дейді полицейлер.

Еске салайық, 13 ақпан күні Мақтарал ауданында орын алған қылмыс жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Алмалы ауылында белгісіз біреулер ерлі-зайыптыларды балтамен азаптап өлтіріп, мәйіттерін көшенің бойына тастап кеткен. Кейіннен полицейлер марқұмдардың ерлі-зайыптылар екенін анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мақтарал ауданындағы уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила