Оралда өрт салдарынан 30-ға жуық адам эвакуацияланды

Zakon.kz
Өртті сөндіруге 4 техника, 11 адам жұмылдырылған.
Оралдың тұрғын үй секторында бір күнде екі өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, таңғы сағат 05.51-де «Строитель» шағынауданындағы 43-үйдің 82-пәтерінен өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Үй иесі құтқарылып, 20 адам (үшеуі - балалар) қауіпсіз жерге шығарылған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді шарпыды.

Үй иесінің жеке заттары, балкон жанған. Жалын сағат 07.16-да сөндірілді. Сонымен қатар сағат 09.27-де Қ.Аманжолов көшесіндегі 141-үйдің 51-пәтерінде жеке заттардың жанып жатқаны туралы хабарланған.

Тілсіз жау 10.17-де ауыздықталды. Мұнда сегіз адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 4 техника, 11 адам жұмылдырылған.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила