Балқашта аспанға оқ атқан азамат ұсталды

Zakon.kz
Бірнеше рет атылған мылтықтың дауысы Русаков ауданынан шықты.
Балқаш тәртіп сақшылары ермек үшін бірнеше рет аспанға оқ атқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бірнеше рет атылған мылтықтың дауысы Русаков ауданынан шықты. Полиция қызметкерлері жедел 10 минуттың ішінде, алғашқы оқ атылғаннан кейін-ақ, 43 жастағы ер азаматты ұстады. Ол оқты көлігінің терезесінен атқан. Балқаш прокуратоурасының қызметкері Мәди Әбішевтің айтуынша, «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

«Атыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қаруын пайдалана отырып, бұзақылық әрекетке барған азамат ұсталды. Аталған дерек Балқаш ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тексеруінің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Мәди Әбішев.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

Отменить блокировку счетов банковских должников требует депутат

Благодаря детям отец нашел алмаз стоимостью 8,5 млн тенге