Қасым-Жомарт Тоқаев Польша мен Эстония елшілерін қабылдады

Zakon.kz
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Елшісі Мачей Лангты және Эстония Елшісі Яан Рейнхольдты олардың өтініштері бойынша қабылдады.

Сенат Төрағасы елшілерді Ұлт жоспары мен Бес институттық реформаны іске асыру жайында хабардар етті,-деп хабарлайды baq.kz.

Спикер Қазақстанның Эстония және Польшамен өзара қарым-қатынастарының достық сипатына тоқтала келіп, парламентшілер арасындағы нәтижелі үнқатысуды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясындағы өзара сындарлы іс-қимылды атап өтті. Қ.Тоқаев Эстония және Польша тараптарын Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Эстония және Польша дипломатиялық миссияларының басшылары парламенттік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету арқылы Қазақстанмен өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететіндерін айтты.

Фотосурет: www.primeminister.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость