«Сыбаға» бағдарламасының арқасында Қызылорда облысында кәсіпкерлер саны өсті

Zakon.kz
Тасарық ауылдық округі бойынша 3 шаруа қожалығы, 12 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Өңірде 1133 бас мүйізді ірі қара, 2980 бас уақ мал, 377 бас жылқы бар. Барлық мал басы компьютерлік базаға енгізілген. Бұл туралы Қазалы ауданының әкімі Нәжмәдин Шамұратов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты,-деп хабарлады ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал Шәкен ауылдық округінде өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен шаруа қожалығы несие алып, мал шаруашылығын қолға алды. Нәтижесінде ауылдағы мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны 36-ға жетті.Тасарықта «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры арқылы 163 отбасы мен 7 әлеуметтік нысан ауыз суды пайдаланады. Барлық үйлер мен әлеуметтік нысандарға сервистік жүйемен су кіргізілген. Ауылдық округке қарасты «Мариямкөлге» құятын каналдар бойындағы «Қоса-1», «Қоса-2» бөгеттері мен 7 қорғаныс дамбыларының жер жұмыстарының құжаттары дайындалып, мемлекеттік тіркеуге алынды.

Жайылымдық жерлерді суаруға және шөп дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін Жайлаукөл сағасына 1 көзді, «Болатбек» көпірі тұсынан 2 көзді су тоспалары (шлюз) салынды.

Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас маман Тасарық ауылындағы №238 орта мектепке жұмысқа орналасып, әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді. Майлыбас ауылдық округіне Ақсуат, Майлыбас, Байқожа, Бірлік елді мекендері мен №99, №101, №102, №103 разъездері кіреді. Самара-Шымкент-Ақсуат (2 км) автомобиль жолдарына 87921,0 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елубай Әуезов

Фотосурет: www.atyrau-business.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов