Елімізде баспана бағасы енді қымбаттамайды

Ұлттық экономика министрлігінің айтуынша, алдағы төрт жылда құрылыс жобаларының 90 пайызы жекенің қолына өтеді. Бүгіннің өзінде жоба сараптамаларының 50 пайызы бәсекелестік ортаға тапсырылған.

Алдағы төрт жылда құрылыс жобаларының 90 пайызы жекенің қолына өтеді. Бүгіннің өзінде жоба сараптамаларының 50 пайызы бәсекелестік ортаға тапсырылған.Мұндай қадам алдағы уақытта баспана бағасының қымбаттамауына мүмкіндік береді дейді жауаптылар. Себебі үй салуға міндеттелген мердігер компаниялар тек отандық құрылыс заттарын пайдалауы тиіс,-деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Құрылыс нысанын пайдалануға беру рәсімі оңтайланды. Бұрынғыдай жауапты 20-ға жуық мекеменің есігін қағып, сандалудың қажеті жоқ. Енді небәрі 4 адамның қолы жеткілікті. Осылайша, қазір әкімшілік кедергілер жойылған. Ең тиімдісі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бір терезе қағидаты бойынша бір жерден құжаттарды тап-тұянақтай түгендеуге мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ қабырғасы жаңа көтерілген нысанға мемлекеттік орган емес, оны салған мердігер компания тікелей жауапты.

«Технологиялық қиын емес объектілер бар. 10 қабатқа дейінгі ғимараттар. Қонақ үйлер, емханалар барлығын қазір жеке сараптама істей алады. Мемлекеттік сараптамада күрделі ғимараттар, атом электр стансасы деген келісілген нысанлар қалатын болады»,- деді Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Құрылысқа дейінгі барлық құжаттар үш сатымен реттеледі. Санамалап айтсақ, ең әуелі рұқсат алу қағазын иемдену 40 күннен 17 күнге бір-ақ қысқарды. Одан кейін, эскиздік жобаға келісім беру мерзімі де 60-тан 15 күнге дейін шегерілді. Соңғысы небәрі 10 күннің ішінде құрылысты салу құжаттарын жинап аласыз. Бастысы барлық мердігерлер отандық құрылыс заттарын пайдалануы шарт. Сәйкесінше, баспана бағасы да шарықтамайды.

«Өз мемлекетімізде шығарылып жатқан материалдарды қолданғаннан кейін баға қымбаттамайды. Осы мәселені қазір біз тұрақты түрде бақылап отырмыз. Баға қымбаттамау туралы. Сонымен қатар, құрылыстың да сапалы іске қосылғанын бақылайтын боламыз»,- деді Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Бұл өзгерістер рұқсат беру жүйесін жеңілдетіп, инвесторларға қолайлы жағдай туғызу үшін маңызды. Қажетті құжаттардың барлығы бірінші қаңтардан бастап бір терезеден беріліп жатыр.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов

Фотосурет: lada.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: