8 жасар Аяна Мұратова Қазақстандағы алғашқы балалар дизайнері атанды

Zakon.kz
Біз стиль брендін Ayana Styles деп атадық, қазір тапсырыстар мен ұсыныстар көбейді, енді Астанадағылармен ынтымақтаспақпыз

Ақтөбеде 8 жасар Аяна Мұратова Қазақстандағы алғашқы балалар дизайнері атанды, деп хабарлады baq.kz. Сәнмен айналысу оның хоббиі ретінде басталған.

«Бір жыл бұлын ол сән көрсетуге қатысты. Содан ол бұдырлы былғары күртеше, былғары шорты кигісі келетінін айтты, дүкендерді аралап, таппадық. Сосын өзіміз тікпекші болдық. Ол киіп шыққанда достарының аналары қызығып, қайдан алғанымызды сұрай бастады. Бізден тігіп беруімізді өтінді. Содан кейін қызым қазақ оюларымен джинси көйлек кигісі келетінін айтты. Суретін салып берді. Сосын дүкендерге сабылғанша, тігіп беруді жөн санадық», - деді анасы Мәдина Мұратова.

Мәдина қызының талғамы жоғары екенін атап өтті. Оның үлгісін киетіндер де көбейе түсті. «Сосын қызымның хоббиі ретінде киім тігумен айналысуды шештік. Ол суретін салып береді. Мен түзетемін, кеңес бермін. Аяна күнде сурет салады, кейде үлгілері ерекше болып шығады», - деді анасы.

Қазір анасы мен қызы жаңа үлгілерді ойластыруда.

«Ательемен шарт жасастық. Қарашада қалада FWA сән апталығы өтті. Содан кейін тапсырыстар да көбейді. Қыздар Аяна сияқты киінгісі келе бастады. Біз стиль брендін Ayana Styles деп атадық, қазір тапсырыстар мен ұсыныстар көбейді, енді Астанадағылармен ынтымақтаспақпыз», - деді М.Мұратова.

Аяна өзі биге қатысады, дефиле, вокалға барады. Мектепте жақсы оқиды, ментальды арифметикамен шұғылданады. Ол өскенде шығармашылық кәсіпті таңдайтынына сенімді.

Фотосурет:www.inform.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет