Канада лаңкестік топты бомбалауын тоқтатады

Zakon.kz
Канада Ирак пен Левант лаңкестік тобына қарсы әскери операцияға қатысуын 22 ақпаннан кешіктірмей тоқтатады.

Канада Ирак пен Левант лаңкестік тобына қарсы әскери операцияға қатысуын 22 ақпаннан кешіктірмей тоқтатады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді, деп хабарлады 24 kz арнасы.

Бірақ Оттава Ирак пен Сириядағы жергілікті қауіпсіздік күштерді содырларға қарсы соғыс тәсілдеріне үйрететін мамандарының санын арттырып, гуманитарлық миссияларға атсалыса береді. Қазір Ирак пен Левант лаңкестік тобына қарсы операцияларға Канаданың 600 сарбазы мен 70-ке жуық арнаулы жасақ жауынгері қатысуда. Елдің әскери ұшақтары Ирактағы әуе соққыларын 2014 жылдың қазанында, ал Сириядағы әуе шабуылдарын 2015 жылдың 8 сәуірінде бастаған болатын.

"Әуе соққылары қысқа мерзімді мақсатқа жетуде өте тиімді болғанымен, жергілікті халық үшін тұрақтылықты орнатуда аса пайдасыз екенін түсіну қажет. Канада Сирия мен Ирактағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуде көп іс атқаруы керек. Біз баскесерлер мен қанішерлерден тұратын топты жеңуге тиіспіз", деді Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.

Фото: oko-planet.su

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции