Екібастұз қаласында голландтық раушан гүлдерді өсіретін жылыжай кешені ашылады

Zakon.kz
Бірнеше күннен кейін голландтық раушан гүлдерін өсіруге арналған жылыжай ресми түрде ашылатын болады.

Павлодар облысында голландтық раушан гүлдерін өсіретін жылыжай кешені ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бірнеше күннен кейін голландтық раушан гүлдерін өсіруге арналған жылыжай ресми түрде ашылатын болады. Бес гектар жерде жылына 7 млн гүл өсіріледі деп күтілуде»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, жылыжай Екібастұз ГРЭС-1 маңында орналасқан және аталған станциядан шыққан артық жылу енді осы жылыжайға бағытталады.

«Шамамен бір аптадан кейін алғашқы гүлдер қиылатын болады, сондықтан да барша журналистерді Екібастұз қаласындағы осы жылыжайдың ашылуына шақырамын»,-деді Қ.Бозымбаев.

Фото: pavon.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 26 июля

Опять +45: в какие области вернется изнуряющая жара, рассказали синоптики

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов

Культовый показ Gucci и главный цветовой дуэт лета-2026: чем вдохновил стилист