ОСК өкілдері аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерін оқыту шараларын жалғастыруда

Zakon.kz
Сайлау процесіне облыс, қала және аудан деңгейінде барлық қатысушылар үшін тағы 573 семинар өткізу жоспарланып отыр.

ОСК өкілдері аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерін оқыту шараларын жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстармен бүгін журналистермен болған брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметтерінше, алдағы болатын Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушыларды оқыту жөніндегі жұмыс шеңберінде барлығы 407 семинар, кеңес, тренинг өткізілген.

«Сайлау процесіне облыс, қала және аудан деңгейінде барлық қатысушылар үшін тағы 573 семинар өткізу жоспарланып отыр. Жақында ҚР ОСК үгіт науқанын өткізу мәселелері жөнінде екі семинар ұйымдастырады. Оның біреуі республикалық БАҚ басшыларына арналса, екіншісі сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдерімен болады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Фото: astanafm.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом