Мемлекет 55 жастан асқан адамдарға жұмыс табуға көмектеседі

Zakon.kz
Жаңа жоба аясында 2016 жылы 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Мемлекет 55 жастан асқан адамдарды оқытып, кейін оларды жұмысқа орналастыруға көмектеспек. Жаңа жоба аясында 2016 жылы 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz

«Әлемдегі дамыған елдерде адамдардың жасына қарай қолдау көрсетіледі. 55 жастан асқан азамат бүгінде жұмыстан айрылып қалса, жұмыс берушілер осы жастағы адамдарды жұмысқа алмайтынын білеміз. Бұл адамдарды әлжуаз топқа жатқызуға да болады. Сондықтан көптеген дамыған елде, мәселен, Германия, Канада, АҚШ-та осындай азаматтар мемлекеттің қаржысына оқытылып, қызмет көрсету саласына жұмысқа орналастырылады», - дейді Б.Нұрымбетов.

Қазақстан осы шетелдік тәжірибені назарға алып отыр. Вице-министр жеткізгендей, осы мақсатқа 2016 жылы 240 млн теңге қарастырылған.

«Тұңғыш рет қолға алып отырған жоба. Сондықтан алғашқы 2016 жылы 2100 адамды оқытып көрсек деген ойымыз бар. Таяуда қосымша берілетін қаражатымыздың мәселесі Үкіметте шешіледі. Осындай азаматтарды оқытып, кейін жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Б.Нұрымбетов.

Фото: spravda.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака