Отандық альпинистер Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне ту тігеді

Zakon.kz
Қазақстандық альпинистер Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне 2017 жылғы қысқы Универсиаданың туын тігіп, сапарларын 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы Евгений Лёвкиннің құрметіне арнамақ.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсұт Жұмаев бастаған қазақстандық альпинистердің экспедициясы Оңтүстік Америкадағы ең биік шың саналатын Аконкагуаға (6962 м) шықпақшы.Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне 2017 жылы Алматыда өтетін 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың туы тігілмек, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

Қазақстандық альпинистр Буэнос Айреске 15 ақпанда бармақ. Альпинистер тобы теңіз деңгейінен 800 м биікте орналасқан аргентиналық Мендос курортты қаласынан 2700 м биіктіктегі Пенитентес шағын шаңғы курортты қаласына жол тартады. Келесі күні альпинистер Аконкагуа Ұлттық саябағына жетіп, экпедицияны сол жерден бастайды.

Анықтама: Аконкагуа – Оңтүстік Америкадағы Анд тауының ең биік нүктесі. Шың теңіз деңгейінен 6962 м биіктікте орналасқан. Ол бірнеше биіктіктердің рейтингінде бірінші орында: америка континетіндегі ең биік тау, Батыс жартышарындағы ең биік нүкте. Аконкагуа Тынық мұхитынан небәрі 150километр арақашықта орналасып, шыңында қатты жел соғып тұратындығымен танымал.

Фото: kaztrk.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом