ОСК дауыс беру бюллетеньдерін дайындайтын баспаханаларды бекітті

Zakon.kz
Алматы қаласы, Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстары үшін мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды «АВК+» ЖШС жүзеге асырады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы бірқатар облыстарда мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беретін бюллетеньдерді дайындайтын баспаханаларды бекітті, деп хабарлайды Baq.kz.

«2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау жөніндегі баспаханаларды айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 4 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Алматы қаласы, Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстары үшін мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды «АВК+» ЖШС жүзеге асырады», - деді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов.

Еске салсақ, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленсе, Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылатын үміткерлерге 21 наурызда дауыс беріледі.

Барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Ал жергілікті мәслихаттарға 3335 депутат сайланады.

Фото: astanafm.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами