Қазақстан Ресейге ет экспортын ұлғайтуды жоспарлауда

Zakon.kz
Қазақстандық экспорттаушылар жаңа нарықтарды жаулай бастады, ары қарай дамуға да негіз бар.

Қазақстан Ресейге ет экспортын ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер Ресейдің кедендік қызметінің статистикасын қарайтын болсақ, 2015 жылы сиыр, шошқа және құс еті импорты 2014 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайған. Екі есеге дейін түсті деген сөз. Бізде сол жағымызда да, оң жағымызда да үлкен көршілеріміз бар. Біз оларға жетпей қалған импорттың бір бөлігін бере аламыз. Мұнда мәселе ет экспотына қатысты - біз осы бағыт бойынша көп талқылаулар жүргіздік. 2016 жылы біз бұны орындай аламыз ба, алмаймыз ба, мәселе онда емес, мәселе - біз өзімізді ары қарай қалай көрсететіндігімізде», - деді Б.Сағынтаев, РФ-тегі санкцияларды пайдалану қажеттігіне меңзеп.

Вице-премьердің пікірінше, ет өндірісіндегі жоғары әлеуетті экспортқа пайдалана отырып, жаңа мақсаттар қоя білу қажет. Қазақстандық экспорттаушылар жаңа нарықтарды жаулай бастады, ары қарай дамуға да негіз бар, сондықтан экспорттың бағыттарын анықтау керек.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото: www.almaty.tv

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана