Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін шұлықтар Еуропаға экспортталмақ

Zakon.kz
Кәсіпорында Xyoung оңтүстік- кореялық құрал жабдықтары орнатылған. Капрон бұйымдарын шығаруға жергілікті өндірушілердің сапалы талшығы қолданылуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін шұлықтар Еуропаға экспортталмақ. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында жылына 16 млн. дана шұлық өнімін шығаруға мүмкіндігі бар «Алем БТ» фабрикасы іске қосылған болатын, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

Jintex Global корейлық компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Қазіргі таңға, дайын өнімдерді АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, Шығыс Еуропаға экспортқа шығару мәселесі қарастырылуда.

Оntustik.gov.kz сайты таратқан мәліметтер бойынша, фабриканың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 1,9 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап 400 адамды жұмыспен қамтымақ.

Кәсіпорында Xyoung оңтүстік- кореялық құрал жабдықтары орнатылған. Капрон бұйымдарын шығаруға жергілікті өндірушілердің сапалы талшығы қолданылуда.

Фото: www.livemaster.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500