ОСК 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді

Zakon.kz
Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52, олардың ең жасы 26-да.

ОСК 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Бұл туралы бүгін партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәселелеріне арналған брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 19 ақпанында партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады.

«ОСК осы уақыт аралығында 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың 187-і немесе 79,9 пайызы ер адам және 47-і немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі – инженер, әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52, олардың ең жасы 26-да.

Фото: todaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Зима возвращается: сильные морозы до -18°С и снегопады вновь обрушатся на Казахстан

Почему из крупнейшего водохранилища Казахстана сбросят 6,3 млрд кубометров воды

Какие регионы Казахстана затронет штормовое предупреждение в четверг

Земли бывшего Семипалатинского ядерного полигона перевели в состав земель запаса

В Казахстане водителей начали массово проверять по базам данных