Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір қаласында индустриялды аймақ құрылатын болады

Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылдың қорытындысы бойынша, негізгі капиталға деген инвестицияның көлемі 416 млрд теңгені құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылдың қорытындысы бойынша, негізгі капиталға деген инвестицияның көлемі 416 млрд теңгені құрады.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен болған брифинг барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Zаkon.kz

Б.Атамқұлов келтірген деректер бойынша, инвестициялардың басым бөлігін (61,2 пайызын) шағын кәсіпорындарға салынған (254,8 млрд теңге).

«Жалпы алғанда, әсіресе дағдарыстар кезінде экономиканың тұрақтылығы шағын және орта бизнестің есебінен қамтамасыз етілетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да, біз қазір осы саланы дамытуға күш салып отырмыз. Бұл ретте біз облыстың әрбір қаласы мен әрбір ауданында индустриялды аймақтар құрмақпыз»,-деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, әкім осы уақытта өңірде 11 индустриялды аймақтың құрылып, 151 жобаның анықталғандығын атап өтті. Жобаға 163 млрд теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Фото: serke.org

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом

Изменились правила валютных операций в РК

Пьяная казахстанка насмерть сбила беременную женщину и двух детей: суд вынес приговор