Мәжіліс сайлауына 800-ден астам шетелдік байқаушы келеді деп күтілуде

Zakon.kz
Әлемге аты танымал бұл ұйымдар тек парламенттік сайлауды ғана бақылайды. Ал, жергілікті мәслихат депутаттығын таңдайтын науқанды бақылау олардың міндеттеріне кірмейді.

Мәжіліс сайлауына 800-ден астам шетелдік байқаушы келеді деп күтілуде. Олардың қатарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының, ТМД-дан байқаушылар миссиясының өкілдері бар, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Әлемге аты танымал бұл ұйымдар тек парламенттік сайлауды ғана бақылайды. Ал, жергілікті мәслихат депутаттығын таңдайтын науқанды бақылау олардың міндеттеріне кірмейді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы осылай деді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ниет танытқан 52 байқаушы мен 99 БАҚ өкілін тіркеген. Бұдан бөлек, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 99 өкілі келетіндерін растап отыр. Халықаралық байқау сайлау процесі туралы екіжақты ақпарат алмасуды, берік халықаралық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

"ТМД мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары жергілікті сайлауды байқауға мандаты жоқ. Олар президенттік, парламенттік сайлауды және референдумдарды ғана байқауды жүзеге асыруға құқылы",- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.

Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының ұзақ мерзімді байқаушылары қазірдің өзінде ел аймақтарында жүр. Онда сайлау компанияларының қызметіне науқанға дейінгі және кейінгі кезеңде мониторинг жүргізетін болады. Ал, қысқа мерзімді байқаушылар тек сайлау күні жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетсек, халықаралық байқаушыларды тіркеу наурыз айының 14-іне дейін созылады.

Фото:www.almaty.tv

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

SMS с 1414: к казахстанцам с важным предупреждением обратилось Министерство ИИ

МВД Казахстана обратилось к водителям с важной информацией

Назван курс доллара к тенге в 2026 году

Морозы уходят: Казахстан ждет потепление до +8°С

Когда в Алматы вернется тепло и чего ждать от погоды Астане и Шымкенту