Көктемде Алматыда апта сайын сенбілік өтеді

Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша қаңтардан бері қоршаған ортаны ластағандарға қатысты 500-ден аса ескерту мен хаттама толтырылып, 14 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салыныпты.

Қоршаған ортаға залал келтіргендерді жазалау тоқтамайды. Жауаптылар Алатау ауданының "Қарасу" ықшам ауданын бақылаудан өткізді. Айналасын қоқысқа толтырып, өз ісіне немкетті қарағандар айыппұл арқалады. Десе де бұл қадам оларға тосқауыл болмай отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

8 жылдық тарихы бар Алатау ауданы қала бойынша кәсібін өрге домалатқан азаматтарға бай аймақтардың қатарында. Мұнда 3 мыңнан аса заңды тұлға жұмыс істейді. Алайда олар да ойдағыдай мінсіз емес. Маңын ластап, қоқысқа айналдырған кей тұлғалар табиғат жанашырларының көзіне ілікті. Біріне - ескерту жасаса, біріне - әкімшілік хаттама толтырды.

"Қарасу" мекемесінің аумағындағы кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартуы бірінші рет емес. Табиғатты қорғау мен эколог мамандарының қыс бойғы арпалысы аяғында айыппұлға әкеп тірейді. Бір күннің өзінде 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен одан нәтиже шығарар азамат жоқ. Баяғы жартас сол жартас.

"Қарасу ықшам ауданының аумағын бүкіл күл-қоқыстан, ағаштың қалдықтарынан, басқа да үйден шыққан тұрмыстық қалдықтардан осы "Қарасу" мекемесі тазалау керек. Ал, бүгінгі күнде сол мекеме өзіне тиесілі жұмыстарын атқарып отырған жоқ",- деді Алматы қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Алмасбек Сәттібаев.

Алматы қаласы бойынша қаңтардан бері қоршаған ортаны ластағандарға қатысты 500-ден аса ескерту мен хаттама толтырылып, 14 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салыныпты. Оның 44 хаттамасы немесе 3 млн теңгесі заңды тұлғалардың үлесінде. Қазір қала алдағы сенбілікке дайындық үстінде.

Аршын Кемелжан, Рашидин Якупов

Фото:i-news.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов