Астанада жұмыс істейтін байқаушылардың басым бөлігі даярлықтан өтті

Фото: zakon.kz
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауындағы байқаушылар қызметіндегі әдістер және тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Астана қаласы бойынша сайлауды байқауға жәрдемдесу өңірлік орталығы «Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері. ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауындағы байқаушылар қызметіндегі әдістер және тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің негізгі міндетіміз қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге негізделген. Бүгінде 100-ден астам адам оқыту курстарынан өтті. Атап айтқанда, тыңғылық даярлықтан өткізуге білікті мамандарды шақырылуда. Астана қаласы бойынша 178 сайлау учаскесі бар, осы орайда сайлау күнінде әрбір учаскеге бір байқаушыдан шақыруды көздеп отырмыз. Яғни, бұл тұрғыда әр учаске байқаушымен қамтылады»,-деді аталған өңірлік орталықтың жетекшісі Жұмағали Арыстан.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі семинар барысында 40-тан астам адам келіп, тиісті дайындықтан өтеді.

Семинарға қатысушыларға дәрісті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, Саяси ғылымдарының кандидаты М. Онучко, сондай-ақ Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының мүшелері оқыды.

Спикерлер семинар-тренингке қатысушылардың назарын сайлаудың ашық әрі заңнама нормаларына сәйкес өткізілуі бағытында қоғамдық байқау институтының маңызды рөлін атап өтті. Шара барысында байқаушылардың өкілеттігі, құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі талқыланды.

Руслан Ғаббасов

Фото:astanafm.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо