Сенаторлар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалармен танысты

Фото: zakon.kz
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асырудың келешегі қаралды.
5 наурызда Жамбыл облысында Парламент депутаттары С. Плотников, Қ. Айтаханов, Р. Әкімов, С. Біләлов, М. Жолдасбаев қатысқан Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыстың негізгі тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау болды. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асырудың келешегі қаралды.

Отырыста Президенттің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын орындау аясында жаңартылатын энергияны пайдаланудың нақты нысанды көрсеткіштері және оған қол жеткізудің қадамдары белгіленді. 2020 жылы еліміздің жалпы энергетикалық теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі үш пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сенаторлар сапар барысында Орталық Азия аумағындағы жаңартылатын энергия көздерінің ең ірі нысаны - қуаты 50 МВт «Бурное» күн электр стансасында болды. Оның құрылысы аймақтағы электр энергиясының жетіспеушілігін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік берді. Электр стансасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында жария етілген «жасыл экономиканы» қалыптастыру мақсатына елімізді ілгерілетудің жақсы өнегесі болды.

Шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов, энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына инвест» ЖШС өкілдері, электр энергетика кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Туман, снег и сильный ветер: штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов Казахстана

"С 1 апреля – полное отключение": КГД напомнил предпринимателям о переходе ККМ на новый протокол

Долгожданное потепление ожидается в Алматы: погода на неделю

Казахстанцев снова порадовали из космоса

Михаил Шайдоров обратился к чемпиону Паралимпиады Ерболу Хамитову