Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС үй құрылысы комбинатында болды

Zakon.kz
Қазақстан Президенті өңірлердің дамуы мен үй құрылысының көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты.

Орал қаласында Мемлекет басшысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды.Нұрсұлтан Назарбаев дайын өнім үлгілерімен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен әңгімелесті, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Қазақстан Президенті өңірлердің дамуы мен үй құрылысының көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты.

Мемлекет басшысы ұжымға табыс тілеп, облыста cаланың жұмысына қолайлы барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

Үй құрылысы комбинаты көпшілікке арналған үйлер құрылысын қамтамасыз ету үшін темір-бетон бұйымдарын, перспективалы құрастырмалы жүйелер жасап шығарады. Оның қуаты жылына жалпы аумағы 50 мың шаршы метр ғимарат салынатын өнім шығаруға лайықталған.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Что посмотреть: 10 новых фантастических фильмов, в которых привычный мир "трещит по швам"

Утреннее столкновение в Алматы: пострадавшие есть, кто был за рулем – неизвестно

Выяснилось, сколько заработала Рыбакина за выход в финал турнира в Нинбо

Трем пассажиркам одновременно стало плохо на рейсе Алматы – Астана: кто спас их в небе

Курсы валют в обменниках Алматы и Астаны на 25 октября