Бүркіт әскери құрылғыға шабуыл жасады

Zakon.kz
Дронның қанаттарында бүркіт шеңгелінің іздері қалған.

Норвегияның Тронделаг аймағында өткен НАТО ның «Cold Respons» әскери жаттығуы кезінде RQ-11 Raven mini-UAV әскери дроны құлаған. Норвегия Қарулы күштерінің бұл ұшатын құрлығысына бүркіт шабуыл жасағаны белгілі болды, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Әскери құрылғының операторы Хакон деген офицер: «Дрон арқылы Швеция танктерінің қайда орналасқанын анықтауға тырысып жатқан едік. Әуеден барлау жасап жүргенбіз. Сол сәтте дронға белгісіз бірдеңе шабуылдады. Аппаратты кері қайтарып, әуежайға қондыруға тырыстым. Бірақ, ол жерге құлады»-деп атап өткен Норвегияның forsvaret.no сайтына берген пікірінде.

Кейіннен ұшатын құрылғыға бүркіттің шабуыл жасағаны белгілі болды. Әскери жаттығудың баспасөз хатшысы Фредрик Тандберг дронның қанаттарында бүркіт шеңгелінің іздері қалғанын мәлімдеді. Әрі бүркіттің тепкісінен аппараттың бір қанаты сынып түсіпті.

Фото:kaznews.kaztrk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Как меняются правила принудительного взыскания долгов с 25 августа

"Остались считаные дни": МВД усилило меры и обратилось со срочным призывом к казахстанцам

Породы собак, которые станут вам родственной душой

В 1962 году в заброшенном селе бурили нефть, но из-под земли вырвалось совершенно другое