Екібастұздық азамат 88 жастағы қарияны өлтірген үшін 17 жылға сотталды

Zakon.kz
Жауап алмаған қылмыскер зейнеткерге пышақ салып, қолынан сақинасы мен үстелдегі 500 теңгені алып, ізін суытқан.

Екібастұздық азамат 88 жастағы қарияны өлтіргені үшін 17 жыл ерекше тәртіптегі түзету колониясында өткізеді, pavlodarnews.kz.

Айыптау нұсқасы бойынша, 49 жастағы Юрий Тефс азаматтық некеде тұрған жұбайының жеке куәлігін қайтарып алу үшін қаражат керек болғандықтан қылмысқа барған.

Оқиға 2015 жылы 25 шілде күні орын алды. Ол көрші зейнеткердің үйіне терезе арқылы кірген. Қария шудан оянып кеткен кезде қаскүнем оны оқтаумен ұра бастаған. Кейін электр жылытқышының сымымен құрбанның мойнынан тұншықтырып, ақшаның қайда жатқандығын айтуды талап еткен.

Жауап алмаған қылмыскер зейнеткерге пышақ салып, қолынан сақинасы мен үстелдегі 500 теңгені алып, ізін суытқан. Сотта күдікті полиция қызметкерлерінің қысымымен қылмысты мойындағанын алға тартты. Бірақ молекулярлы-генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша Юрий Тефсаның шарбалында зейнеткердің қаны табылған.

«Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сот оны ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-б. 3-т. және 99-бабы, 2-б. 8-т. бойынша айыпты деп таныды. Бұдан басқа, ұрлық үшін сотталған ерекше тәртіптегі түзету колониясына 17 жылға жіберіледі», - деді сотта.

Фариза Қазыбекқызы

Фото:lenta.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

22 подростка госпитализированы на юге Казахстана после тренировочных сборов

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени