Үрімжіде 25 жастағы қазақстандық қаза тапты

Zakon.kz
Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Үрімжі қаласында қазақстандық 25 жастағы азамат Ербол Суханов қаза тапты. Ол «Әдемі» дәмханасында кассир болып жұмыс істеген.

Сағат 15:00-де жергілікті полиция учаскесіне дәмхана иелері Қабыл Шалқар мен Болат Жақыпов келіп, жігіттің өзіне-өзі қол салғаны туралы айтты. Олардың айтуынша, ол 14 наурыз күні шамамен сағат 8-де соңғы үш күнде тұрып жүрген қонақүйдің артқы ауласында асылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар Е.Сухановтың 100 мың долларды ұрлағанын анықтағанын, бұл жайт бейнебақылау таспасындағы жазбамен расталғанын айтты. Е.Суханов оларға ақшаны қайтаратыны туралы қолхат толтырып берген.

Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың ата-анасы ШҰАӨ-нің аумағына кіріп, баласының денесін алып кету үшін құжаттарды ресімдеп жатыр.

Фото:7sunews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо