Сенат палата Бюросының өкілеттігін кеңейтті

Zakon.kz
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар палата қызметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар палата қызметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Сенат регламентіне сәйкес, маған берілген құқықты пайдалана отырып, регламентке палатаның қызметін ұйымдастыруға қатысты кейбір нормаларды нақтылау мақсатында түзетулер енгізуді ұсынамын», - деді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, түзетулер ынтымақтастық жөніндегі топтарды құру бойынша өкілеттікті Сенат Бюросына беруді қарастырады. «Бұдан бөлек, «Құқықтық актілер туралы» заңның қабылдануына байланысты заң шығармашылық жұмысының тұжырымдамалық жоспарын келісу тәртібіне қатысты қаулы қабылдайтын боламыз», - деді Сенат спикері.

Аталған қаулыны 45 депутат бір ауыздан қолдап, қабылдады.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото:inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Сколько денег нужно положить в банк, чтобы жить на проценты и никогда не работать

В Италии набирают здоровых людей, готовых бесплатно пожить месяц в Альпах

Магнитные бури накроют Землю: ученые назвали опасные дни

Названы знаки зодиака, на которых вот-вот свалятся щедрые дары Вселенной

Пять пород собак, которые готовы следовать за хозяином всю жизнь