Есентай өзенінің төменгі сағасы қатқыл қалдыққа қақалуда

Zakon.kz
Жетісу ауданының тәртіп сақшылары жыл басынан бері табиғатқа залал келтіргендерге 3 мың әкімшілік хаттама толтырып, сомасы 1 миллион теңгеден асатын айыппұл салыпты.

Есентай өзенінің төменгі сағасы қатқыл қалдыққа қақалуда. Жетісу ауданын тексеріп шыққан тазалық сақшылары жағаларын ұстады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Айталық, "Айнабұлақ - 4" ықшам ауданының төменгі тұсымен ағып өтетін өзен арнасын тұрғындар күл-қоқысқа толтырыпты. Тұрмыстық қалдықтар шашып, маңайды әбден ластаған. Аудандық табиғатты қорғау полициясы енді бұл аймақты қатаң бақылауға алып, қоқыс лақтырған тұрғындарды әкімшілік жауапқа тартамыз деп уәде етті. Жалпы Жетісу ауданының тәртіп сақшылары жыл басынан бері табиғатқа залал келтіргендерге 3 мың әкімшілік хаттама толтырып, сомасы 1 миллион теңгеден асатын айыппұл салыпты. Ал, жауаптылар сәуір айында өзен арнасы күрделі жөндеуден өткізілетінін айтты. Сондай-ақ осы сенбіде тазалық жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

"Райымбек даңғылынан бастап апта сайын сенбілік өткіземіз. Бізде сенбіліктің кестесі бар. Оған аптасына тағы да екі мәрте қосамыз, соны жинастырып тұрамыз. Жоғарыдан қазір келе жатырмыз. Осы сенбі күні осы жерде біз сенбілік жасауға бармыз. Адамдар, техника бәрін қоямыз",- деді Алматы қаласы Жетісу аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Иса Бимұратов.

Фото:www.skyscrapercity.com

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана