Қазақстандықтар енді сапасыз тауарды иесіне жарты жылдан соң да қайтара алады

Zakon.kz
Мұндай түзетудің барлық тауар түрлеріне қатысты емес екендігін айта кету керек. Мысалы тез бұзылатын тағамдарды міндетті түрде белгіленген уақытында өткізу керек.

Қазақстандықтар енді сапасыз тауарды иесіне жарты жылдан соң да қайтара алады. Парламент Сенатының депутаттары кеше тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты осындай түзетулерді қабылдады. Бұрындары сапасы нашар тауарды оны сатып алғаннан кейін екі аптаның көлемінде иесіне қайтара алатын болсақ, енді бұл мерзім жарты жылға дейін ұзартылып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

Аталмыш мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мұндай түзетулердің тұтынушылардың бірнеше мәрте қайтара жасаған шағымдарынан кейін енгізілгендігін айтады.

Министрдің сөзінше, сатып алушылар әдетте тауардың жарамсыздығын біраз уақыт өткен соң ғана барып біледі. Бұл ретте мұндай түзетудің барлық тауар түрлеріне қатысты емес екендігін айта кету керек. Мысалы тез бұзылатын тағамдарды міндетті түрде белгіленген уақытында өткізу керек.

«Біз бүгінгі нормаларды сапасыз тауарды және қажетті құжаттарды көрсеткен жағдайда сапалы тауармен алмастыра алу үшін енгізіп отырмыз. Біз бұл мәселенің бәрін жан-жақты реттедік. Біз тауарларды арнайы топтарға бөліп отырмыз. Өйткені, тек белгілі бір маусымда ғана пайдаланылатын тауарлар болады. Мысалы сіз тауарды жазда сатып алып, сапасыз екеніне қыс мезгілінде, оны пайдаланатын кезде ғана көз жеткізесіз. Осы мәселенің барлығы жан-жақты пысықталды»,-дейді министр.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Правила проведения техосмотра изменились в Казахстане

Антициклон накроет Казахстан 21 марта: осадков почти не будет, но есть нюансы

Избавляться от евро и переходить в доллары советуют финансовые аналитики

Экс-глава ГКНБ Кыргызстана Камчыбек Ташиев находится на допросе по двум уголовным делам

Хоккеисты "Барыса" эмоционально обратились к фанатам после окончания сезона