Құны 500 мың теңгеге тең сәлемдемені ұрлаған бойжеткен ұсталды

Zakon.kz
Тұрғын «Астана-Алматы» бағытындағы ұшақпен жолаушыларының біріне құны 500 000 теңге тұратын «Vertu» маркалы ұялы телефонды беріп жіберген.

Көлік полицейлері алаяқтық жолмен құны жарты миллион теңгелік ұялы телефонды иеленіп кеткен қызды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz, көліктегі ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.

2015 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 18.00-де Астана қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне 40-жастағы ҚР азаматы шағымданып келген. Оның айтуынша, 22.12.2015ж. Астана қаласы әуежайына келген бойда «Астана-Алматы» бағытындағы ұшақпен жолаушыларының біріне құны 500 000 теңге тұратын «Vertu» маркалы ұялы телефонды беріп жіберген. Шағымданушының айтуынша, ол оңтүстік астанаға жеткеннен кейін телефонды тиісті иесіне тапсыратынын айтқан.

Сол күні сағат 01.30-да аталған рейспен ұшып келген жолаушы қыз телефонды сөндіріп, көрсетілген адресатқа телефонды бермеген. Осылайша, біреудің сеніміне кіру және алаяқтық жолмен өзгенің затын жымқырып кеткен.

24.12.2015ж. жоғарыда аталған факт ҚР ҚК 190 бабы 1 тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жеке тұлғасы анықталды. Ол 1997 жылы туылған ҚР азаматы болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото:news.caravan.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Правила эксплуатации приборов учета воды изменились в Казахстане