Елімізде 8,5 мың жасты қоғамдық-пайдалы жұмысқа машықтандыру көзделуде

Zakon.kz
Әлеуметтік әлсіз топтардың жастарын қоғамдастық өміріне жұмылдыру, сондай-ақ қоғамдастық игілігі үшін қоғамдық пайдалы жұмыс машықтарына үйрету бағдарламалары арқылы өмірлік маңызды дағдыларды дамыту.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыруға Үйлестіру агенттігін жұмылдыруға байқау жариялады. Аталмыш жұмыс аясында қоғамдастық игілігі үшін қоғамдық-пайдалы жұмыс машықтары үйретіліп, өмірлік маңызды дағдылар дамытылмақ, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жобаға Дүниежүзілік Банк әкімші болып отыр. Жобаны жүзеге асыруға қаражатты Швейцария Сенімгерлік қоры бөлген. Гранттың жалпы сомасы 21,7 млн АҚШ долларын құрайды. Үйлестіру агенттігі жобаға қатысушыларға гранттар, стипендиялар беруді, сондай-ақ жобалық басқаруға оқытуды және мониторингті жүзеге асыратын болады.

«2 мыңға жуық грант беріліп, 8,5 мың жас тартылатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. Жергілікті немесе шетелдік ұйым, сондай-ақ аталған ұйымдардан құрылған консорциум Үйлестіру агенттігі бола алады. Жобаның мақсаты әсіресе әлеуметтік әлсіз топтардың жастарын қоғамдастық өміріне жұмылдыру, сондай-ақ қоғамдастық игілігі үшін қоғамдық пайдалы жұмыс машықтарына үйрету бағдарламалары арқылы өмірлік маңызды дағдыларды дамыту болып табылады. Жобаның шаралары үш бөлік шеңберінде ұйымдастырылмақшы. «Қоғамдастық игілігі үшін қоғамдық-пайдалы қызмет машықтарына үйретуді қолдау және өмірлік маңызды машықтарды дамыту» деп аталатын 1 бөлігін жүзеге асыру үшін БҒМ байқау негізінде Үйлестіру агенттігін жалдайды. Жергілікті немесе шетелдік ұйым, сондай-ақ аталған ұйымдардан құрылған консорциум Үйлестіру агенттігі бола алады», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Айта кетейік, жоба Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық режимде жүзеге асырылатын болады.

Фото: arzuw.tm


Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом