9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күні енгізіліп жатыр

Zakon.kz
Енді кәсіптік бағдар күні әр айдың 2-ші және 4-ші сенбісінде 2 академиялық сағат ішінде өтетін болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердің 9-12 сынып оқушыларына арналған Кәсіптік бағдар күнін енгізіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл шаралар оқушылардың білім алуына кедергі келтірмей, жоғары оқу орындарын жарнамалау жүйесін реттеуді көздейді.

«Енді кәсіптік бағдар күні әр айдың 2-ші және 4-ші сенбісінде 2 академиялық сағат ішінде өтетін болады. Мектептерге арналған бірыңғай стандартты кесте жасалады, ол бойынша жоғары оқу орындары мектептерде оқушылармен кездесу өткізу жөнінде өтінім береді. Жалпы білім беретін мектептер өтінім берген жоғары оқу орындарымен тоқсан сайын Кәсіптік бағдар күнін өткізу кестесін түзеді», - деп ақпарат таратты ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Егер жоғары оқу орындары оқушыларды тестілеуден өткізуді жоспарласа, онда оны мектептен тыс немесе колледжде өтетін Ашық есік күндері шеңберінде ұйымдастыруы тиіс.

Кәсіптік бағдар күні шеңберіндегі кездесулер әр ЖОО-ға мектептерде ақпараттық жұмыс жүргізуге құқық бере отырып, кешенді кәсіптік бағдарлау жүйесін құруға жол ашады. Мектеп түлектеріне өзекті мамандықтар мен білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі. Кездесулер сенбі күні өткізілетіндіктен ата-аналар балалармен бірге ЖОО-лармен және колледждермен танысуға мүмкіндік алады.

Фото: altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо