Елімізде әйелдердің 18 пайызы бедеулікке шалдыққан

Zakon.kz
Елімізде бала тууға қабілетті 5 миллионға жуық нәзік жан бар. Оның 18 пайызы түрлі дерттердің салдарынан балалы болуға зар.

Жыл сайын елімізде бала сүюге зар болатын отбасы қатары артып келеді. Экология, жасанды түсік жасау себептердің бірі болса, қатерлі ісіктің дендеуі, тіпті қауіп төндіріп отыр. Осыған орай қала дәрігерлері ашық есік күнін ұйымдастырып, қыз-келіншектерге 2 күн бойы тегін қызмет көрсетуді жөн санапты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қыз-келіншектердің арасында жиі кездесетін миома ауруына шалдыққан Атыраудың тумасы 36 жастағы Алтынгүл Өмірзақова дертіне шипа таппай Алматыға арнайы келіпті. 2 рет УЗИ-ге түсіп, біраз емделуге тырысқан. Бірақ бәрі нәтижесіз. Алтынгүлдің ең басты үміті - дерттен айығып, болашақта сәби сүю. Қазір 1 қызы бар, Құдай нәсіп етсе, тағы балалы болуды жоспарлайды. Келіншекке кеше емханада ота жасалған. Қазір жағдайы жақсы.

"Ешқандай дәрігерге барған жоқпын. Тек бір ғана гинекологқа бардым. Ол орнында жоқ болды. Демалыста еді. Сосын жиналып алып, осы жаққа келдім. Кеше ота жасады. Бүгін шықтым",- деді емделуші Алтынгүл Өмірзақова.

Мамандардың айтуынша, елімізде перзент сүйгісі келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Қатерлі ісіктердің өршуі - бедеулікке әкелетін себептердің бірі. Бұл әрине қорқыныш тудыратын жағдай.Бастысы -демографияға соққы болуы ықтимал. Себебі, қыз-келіншектердің 20-25 пайызға жуығы миома сынды өзге дертке шалдыққан.Сондықтан ақ халаттылар халықты уақытылы ем алуға шақырады. Өткізіліп отырған акциянының басты мақсаты да осы.

"Жылына біз 400 операция жасаймыз. Иә. Соны мен бөлдім ішінде келген адамдардың. Қайсысы қандай жолмен келгенін. Солардың 80 пайызы осы бедеуліктің проблемасына байланысты. Соның 60 пайызы осы ота жасау мәселесімен байланысты болды",- деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәдуақас Мұстафаев.

Елімізде бала тууға қабілетті 5 миллионға жуық нәзік жан бар. Оның 18 пайызы түрлі дерттердің салдарынан балалы болуға зар. Ерте жаста жасанды түсік жасау, саламатты өмір салтын сақтамау мен экология жағдайы бедеулікке әкелетін басты себеп.

Жадыра Омаржан, Влад Шишко

Фото: el.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды