Қазақстанда қызылшамен сырқаттану 36 есеге төмендеді

Zakon.kz
Қызылшаны емдеудің бір ғана жолы бар, ол – вакциналау. Вакциналау жасанды иммунитетті жасауға көмектеседі.

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанудың көрсеткіші ағымдағы жылдың 2 айында өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді. Мәселен, 2015 жылғы 2 айда 705 жағдай, ал биыл 20 жағдай тілкелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қызылша – қоздырушысы РНК-вирус болып табылатын жіті жұқпалы ауру. Аурудың белгілері – жоғарғы дене қызуы (40,5°C-ға дейін), көздің, жұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу мүшелері шырышты қабығының қабынуы, ауыздың шырышты қабығындағы бөртпелер, денедегі дақты-папулалық бөртпелер, жалпы ағзаның улануы.

Қызылшамен кез келген жастағы адам ауырады, көбінесе мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларда кездеседі.

Инфекция ауа-тамшылы жолдармен: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде жұғады. Инкубациялық кезең орта есеппен 8-10 күнге созылады.

Қызылшаны емдеудің бір ғана жолы бар, ол – вакциналау. Вакциналау жасанды иммунитетті жасауға көмектеседі.

Қызылшаға қарсы иммундау науқанының бірінші кезеңінде 529 мың 422 жасөспірім (60,1%-дан аса), екінші кезеңінде 292 мың 113 адам немесе мақсатты топтың жалпы санының 92,1%-ы (316 мың 704 жасөспірім) қамтылды.

Фото:www.praktika-med.ru

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды