Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирдің финалына жолдама алды

Zakon.kz
Жүсіпов қазақстандық боксшылар арасынан Цяньандағы турнирдің ақтық айналымына өтіп, олимпиада лицензиясын иеленген алғашқы боксшы.

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Рио олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынып жатқан Қытайдағы турнирде ақтық айналымға өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

64 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз жартылай финалда жергілікті боксшы Цянксун Хумен қолғап түйістіріп, 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті.

Бұған дейін жартылай финалда сынға түскен 56 келідегі Қайрат Ералиев қарсыласына жол берді. Дегенмен, ол әлі олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жек өткізеді.

Сонымен, Жүсіпов қазақстандық боксшылар арасынан Цяньандағы турнирдің ақтық айналымына өтіп, олимпиада лицензиясын иеленген алғашқы боксшы. Енді ол финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсух пен қырғызстандық Ермек Сакенов жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Алда тағы 5 боксшымыз шаршы алаңда өнер көрсетеді.

Фото:prosportkz.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты