Қазақстандық мергендер халықаралық мергендер сайысында үздіктер үштігіне кірді

Zakon.kz
Бейресми халықаралық сынақта АҚШ-тың мергендері бірінші орын, Германияның атқыштары екінші орын, қазақстандық жұп үшінші орынды еншіледі.
Америка Құрама Штаттарындағы Солтүстік Каролина қаласының «Форт Брэтт» әскери базасында АҚШ ҚК Арнайы операциялар күштері мергендер жұбының 7-ші жыл сайынғы сайысы өтті. Аустралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тың 25 қатысушы командасы арасындағы ең мірлі атқыштар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Бір аптада қатысушылар дәл оқ атудағы машықтарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге белгіленген ауданға әрі қарай шыға отырып, жергілікті жерде бағдарлау жылдамдығын, түзетулердің есебін жүргізу үшін су жаңа аспаптарды пайдалану шеберлігін, сондай-ақ күндіз және түнде таңсық жерде жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін де паш етті.
Қазақстандықтардың айтуы бойынша мұндай жарыстарға қатысу үйреншікті емес сазды-орманды жерде жұмыс жасауға мәжбүр болғанымызды ескере отырып, дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бейресми халықаралық сынақта АҚШ-тың мергендері бірінші орын, Германияның атқыштары екінші орын, қазақстандық жұп үшінші орынды еншіледі.
Сонымен қатар «Форт Брэтт» базасындағы сайыс жабық болып саналатынын және қазақстандық әскери қызметшілер, қатысушылар арасында құрметті миссия екенін айта кеткен жөн.
Фото:strategy2050.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Казахстанец лишился головы на шиномонтажке

Выше, чем в Астане: выяснилось, где построят самый высокий небоскреб Центральной Азии

Самый длинный круиз в мире за 34 млн тенге: сколько дней уйдет на путешествие вокруг планеты

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана