Екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 7 жылға сотталды

Zakon.kz
Сот талқысында белгілі болғанындай, аталған жүргізуші 2015 жылғы қазанда түнгі уақытта мас күйінде автокөлік айдап, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Орал қалалық сотының үкімімен абайсызда екі адамның өліміне соқтырған жол ережесін бұзғаны үшін Х.Мұхамбетқалиев ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қоныс колониясында өтеуге сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, аталған жүргізуші 2015 жылғы қазанда түнгі уақытта мас күйінде автокөлік айдап, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан жарақат алған «Лада Гранта» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.

Сот жаза тағайындаған кезде қылмыстың мас күйінде жасалғандығын, сонымен қатар сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екендігін ескерді. Жәбірленушілер өкілдері бұдан да ауыр жаза белгілеу керектігі туралы пікірлерін білдірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

Фото:today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

МВД обратилось к водителям после слухов о новых правилах медосмотра