Елімізде өндірілген мектеп формасын сатып алуға мемлекеттік тапсырыс енгізуді ұсынды

Zakon.kz
Л.Худова: Біз балалар киімін, бірінші кезекте мектеп формасын және спорттық форманы әкелуді шектеуді, балалар мен жасөспірімдерге арналған әкелінетін тауарлардың сапасын бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

Қазақстанның Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова Қазақстанда отандық өндірістегі мектеп формасын сатып алуға мемлекеттік тапсырыс енгізу қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Біз мектеп формасы нарығының сыйымдылығын бағаладық, оқушы жиынтығы неден тұратынын қарап, бір жылға жалпы соманы есептедік. Егер есепке 1,7 млн оқушыны алатын болсақ, яғни біз олардың бәрін қамти алмаймыз, онда нарық сыйымдылығы нарықтың әлекетті сыйымдылғы 291 млрд теңге кезінде 176,8 млрд теңгені құрайды», - деді ол жеңіл өнеркәсіптің отандық өндірушілерінің мектеп формасы топтамаларының форум-көрмесінде.

Қауымдастық басшысы облыстар бойынша оқушылардың саны жайлы мәліметті келтірді. Сонымен, оқушылардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында – 21%, Алматыда - 8% және Алматы облысында – 12%. Осы үш аймақта, оның айтуынша, «оқушылар көп шоғырланған».

Сонымен қатар, Л.Худова мектеп формасының нарығын және жеңіл өнеркәсіп нарығын дамытуды тежейтін негізгі проблемаларды атады. Бірінші кезекте, оның айтуынша, Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан осындай тауарларды мағлұмдалмаған әкелу болып отыр.

«Бұл сондай-ақ әкелінетін тауарлардың сапасын бақылау деңгейінің төмендігі. Бүгінгі таңда балаларға арналған заттардың сапасын бақылайтын орган жоқ. Сондай-ақ, өндірушінің өзін қорғайтын алдын алу шаралары жоқ», - деп тап өтті ол.

Осыған байланысты Л.Худова саладағы бірқатар мәселелердің шешімін ұсынды.

«Біз балалар киімін, бірінші кезекте мектеп формасын және спорттық форманы әкелуді шектеуді, балалар мен жасөспірімдерге арналған әкелінетін тауарлардың сапасын бақылауды күшейтуді, балаларға арналған тауарларды бақылауды енгізуді ұсынамыз», - деді ол.


Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

Жестокое убийство Нурай: уволены начальник ДП Шымкента, его первый заместитель и ряд должностных лиц