Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жас жігітті іздеп тапты

Zakon.kz
Хабарлама түскен соң ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының 6 қызметкері іздеуге шыққан.

Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен екі жас жігітті іздеп тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат, қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, ТЖД кезекші нөміріне екі жас жігіттің тауға кеткеннен оралмағаны туралы хабарлама кешкі 22:40-та түскен.

Олар таңғы 9-да Медеу шатқалына, Көкжайлау жазығына қарай кеткен.

Хабарлама түскен соң ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының 6 қызметкері іздеуге шыққан.

Таңғы 7-де іздеу командасы екіге бөлінді.

1-топ Құмбел жақтан іздеуге шықса, 2-топ «Трапеция» асуы жаққа бағыт алды.

Іздеу шараларына Медеу аудандық ІІБ мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері де жұмылдырылды.

Жоғалғандар бүгін таңғы 10.23-те «Горельник» шатқалының маңынан табылды.

Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығынан әрі төтенше жағдайдың қаупінен қалалық ТЖД соңғы рет 24, 25, 31 наурызда ескерту жариялаған болатын. Барлығы жыл басынан бері қалалық ТЖД 14 дабылды ескерту жариялаған.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:inform.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых