Көлік полицейлері БҚО тұрғынын есірткі контрабасы үшін ұстады

Жоғарыда аталған факт ҚР ҚК 286 бабы 1 тармағы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен Көліктегі ІІД Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында «Жан» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «Бершоғыр-Жем» аумағында «Алматы-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Күдіктінің жеке басын тексеру барысында курткасының сыртқы қалтасында өсімдік тектес және өзіндік иісі бар жасыл түсті зат салынған қағаз орамасы табылып, тәркіленіп алынды.

Сот-сараптамалық зерттеуінің нәтижесінде аталған зат жалпы салмағы 2,06 грамм болатын «гашиш» есірткі заты екені анықталды.

Жоғарыда аталған факт ҚР ҚК 286 бабы 1 тармағы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 123 қылмысты анықтаған.

Солардың ішінде заңсыз тасымалдауға қатысты 12 және есірткі заттарының контрабандасына қатысты 3 факт.

Заңсыз айналымнан 40 келі әртүрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.


Актау Актобе Алматы Западно-Казахстанская область Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: