Елбасы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

Zakon.kz
Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды.

Фото: egemen.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

В Китае рухнули продажи автомобилей

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака