Жан-Мари Камбасерес: ҚХА-ның кейбір тұстарын Францияда да қолдануға болады

Zakon.kz
Ералы Тоғжанов француз елінің өкілдерін біздегі қоғамдық келісім және ұлтаралық бірліктің моделімен таныстырды.

Қазақстан мен Франция ұлтаралық қарым-қатынас орнату мақсатында тәжірибе алмаспақ, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың Еуропа елінен келген делегациясымен өткізген кездесуінде осындай шешім қабылданды. Жиын барысында Ералы Тоғжанов француз елінің өкілдерін біздегі қоғамдық келісім және ұлтаралық бірліктің моделімен таныстырды.

Сондай-ақ этносаралық қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Шетелдіктер Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім саясатына жоғары баға берді.

Жан-Мари Камбасерес, Францияның Экономика, қоғам және қоршаған орта мәселелері жөніндегі кеңесі секциясының төрағасы:

- Бүгінгі кездесуде біз Қазақстан халқы Ассамблеясымен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту саласында бірігіп жұмыс жасау туралы келісім жасастық. Себебі, екі елде де бұл мәселе ең өзекті түйткілдер қатарында. Қазақстанның моделі бізге өте ұнады. Оның кейбір тұстарын Франция мемлекетінде де қолдануға болады деп есептеймін.

Фото: el.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды